ҚР ҰОК/Сали Сабиров

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали екі дүркін әлем чемпионына жол берді

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан  1/8  айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы.