Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақстандықтар 2 күміс, 1 қола медаль алды
04.08.2022 10:38
Фото:
kaznovosti.kz
Таеквондодан Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында екі күміс пен бір қола медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz таеквондо федерациясына сілтеме жасап.
Спортшыларымыз арасынан Әсет Ізғалиев (48 кг), Айдана Сүндетбай (46 кг) мен Тамерлан Тілеулес (51 кг) ерекшеленді.
Финалда оңтүстіккореялық Юнсео Кимге есе жіберген Айдана Сүндетбай, Оңтүстік Корея өкілі Х.Янгтен айласын асыра алмаған Тамерлан Тілеулес жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Ал 48 кг салмақтың жартылай финалында Әсет Ізғалиев ирандық А.Зандимен кездесіп, «қола» медаль алды.
Осылайша әзірге жастарымыздың қоржынында екі күміс пен бір қола медаль бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

