ҚР ҰОК

Таеквондодан жасөспірімдер Азиадасы: Нұрәлі Махмұт күміс жүлдеге ие болды

26.10.2025 21:11

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нұрәлі Махмұт Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

63 келіге дейінгі салмақтың финалында ол өзбекстандық Омадбек Отабековке есе жіберді.

Кездесу 2:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Евгений Васенкин 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.