Таеквондодан әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады
Әзербайжан астанасы Бакуде таеквондодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Таеквондо федерациясының мәліметінше, жарысқа Қазақстан құрамасы мынадай құраммен қатысады:
Әйелдер:
- Рита Бакишева (46 келіге дейін);
- Ботагөз Қапанова (49 келіге дейін);
- Азиза Қаражанова (53 келіге дейін);
- Мария Севостьянова (57 келіге дейін);
- Назым Махмұтова (62 келіге дейін);
- Нұрай Құсайынова (67 келіге дейін);
- Жансель Дениз (73 келіге дейін);
- Ракони Бимырза (73 келіден жоғары).
Ерлер:
- Жавохирхон Исламов (54 келіге дейін);
- Самирхон Абабакиров (58 келіге дейін);
- Нұрбек Ғазез (63 келіге дейін);
- Эльдар Бірімбай (68 келіге дейін);
- Нұрқанат Қожахмет (74 келіге дейін);
- Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін);
- Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін);
- Руслан Жапаров (87 келіден жоғары).
Әлем чемпионаты 29 мамыр мен 4 маусым аралығында өтеді.