Жаңалықтар

«Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек – Тоқаев

«Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек – Тоқаев
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 19.04.2023 11:20 671

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда табыс тапқан кәсіпкерлерді еліміздегі бизнесті дамытуға шақырды. Себебі дәл осындай кәсіпкерлер ұлттық бизнес-элитаға айналады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. «Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек. Есесіне елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады, - деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізге мықты кәсіп құра алатын «тың күштер» керектігін тілге тиек етті.

Бізге «кәсіпкерлердің жаңа толқыны» керек. Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген «тың күштер» қажет, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға