«Табысты бөлісе алмаған». Атақты теннисшіні әкесі атып өлтірді
Мөлдір Қайнар тілші
Үндістанда 25 жастағы теннисші Радхика Ядавты өз әкесі атып өлтірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жанжал кезінде спортшы қызды әкесі үш рет атқан. Ауруханаға ауыр хәлде жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Тергеу мәліметінше, кісі өлтірудің басты себебі — табысқа байланысты ұзаққа созылған отбасылық жанжал. Әкесі Радхиканың өз теннис академиясын дербес басқарғанына және әлеуметтік желілердегі белсенділігіне наразы болған. Сондай-ақ, туыстары мен көршілерінің қызының табысына тәуелділігін сынағаны оны қатты ашуландырған.

