Жаңалықтар

Табиғи апат кезіндегі әлеуметтік көмек

Табиғи апат кезіндегі әлеуметтік көмек
Фото: pikist.com 07.09.2022 13:03 3542

Әрбір отбасы өрт немесе табиғи апат салдарынан зардап шегіп, мүлкінен айырылған, мүлкі бүлінген және мүлкіне маңызды залал келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек ала алады

Көмек алудың жалғыз талабы – табиғи апат немесе өрттің салдарынан отбасына немесе мүлікке зиян келтіру фактісінің болуы.

Әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша атқарушы органға жүгіну қажет. Сонымен қатар өзіңізбен бірге:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
  • адамның (отбасы мүшілерінің) табысы туралы мәліметтер;
  • қиын жағдайы туындағанын растайтын акт және/немесе құжат болуы керек.

Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

Арнайы комиссия келтірілген залалды бағалау, оқиға орнына шығу кезінде зардап шеккендерге материалдық көмек сомасын бағалайды. Көмектің бұл түрі бекітілмеген және келтірілген залалға байланысты жеке беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға