Жаңалықтар

Тағы бір қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметі мәлімдеді
Тағы бір қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: pixabay.com 08.08.2022 10:34 1089

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлайды El.kz.

 ҚР Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тарта отырып, «BINCLOUD» қаржы пирамидасы ұйымдастырылғаны анықталды.

 «BINCLOUD» бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады. 

Сонымен қатар, клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады. «Егер сіз «BINCLOUD» бағдарламасына қатысып, зардап шексеңіз, ҚМА аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға