Жаңалықтар

Тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдырған Қарағандының төріндегі Достық үйіне саяхат

Тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдырған Қарағандының төріндегі Достық үйіне саяхат
21.05.2019 16:50 7437

Тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдырған Қарағандының төріндегі Достық үйіне саяхат Қасиетті Сарыарқаның төрі – Қарағанды аймағы ұлаңғайыр Қазақ мемлекетінің ең ірі облыстарының бірі болып саналады. 

IMG_4083 (1).JPG


Ұлы дала көшпелілеріне сай кеңдік халқымыздың әрбір іс-әрекетінде өз көрінісін табады. Облыстың қоғамдық өмірі әркез сан түрлі республикалық және халықаралық деңгейдегі маңызға ие оқиғаларға толы, олардың барлығы сайып келгенде рухымыздың кеңдігін асқақтата түсетіндей.

Қарағанды облысы еліміздің индустриалдық жүрегі ғана емес, сонымен қатар өзінің ерекше рухани энергетикасы бар, терең және көне мәдени дәстүрлері бар ірі мәдени орталық болып саналады. Қарағанды аймағы көптеген халықаралық және республикалық фестивальдар, шығармашылық байқаулар мен көрмелердің өтетін орталығына айналған. Оның барлығы Қарағанды облысының өнер қайраткерлерінің еліміздің мәдени жетістіктерінің ортақ қаңжығасына қосқан сүбелі үлесінің жетістігі екендігінде күмән жоқ. Қазақстан - көпұлтты ел.

«Согласие» Қоғамдық қорының орыс мәдениеті ориталығы (1).JPG

Бір ғана Қарағанды облысында 100-ден астам этнос өкілдері тұрады десек, мәдениет, спорт, медицина, ғылым, еңбек, білім беру салаларында орыс, шешен, неміс, поляк, кәріс, әзірбайжан және тағы басқа ұлт өкілдерінің ең таланттылары жұмыс істейді. Аталған сала өкілдері этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасаудағы мақсат ретінде ұлттық дәстүрлерді, тілді, мәдени мұраны сақтап, дамытуды ғана емес, сонымен бірге мәдениеттердің бір-бірімен тығыз қарым қатынасына ықпалдасатын, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді көздейтін шараларды ұйымдастыруды да белгілейді. Бұл дегеніміз – ұлтаралық татулық, этностар достығы мен толеранттылық. Міне, осылар еліміздің ішкі және сыртқы саясатта сәттілікке қол жеткізуіне себеп болды.

IMG-20190207-WA0028 (2).jpg

Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйым. 


jWfa5PuAEg82Ki3V2okv5zSAHKKCmh1VeYEDtE8AgMVT98sRdbTX.jpg


Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде Қарағанды облысының аумағында ҚХА мемлекеттік ұлттық саясатты іс жүзіне асыруға, қоғамдағы бейбіт өмір мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамдағы азаматтық институттардың этносаралық қатынастар шеңберіндегі өзара іс-қимылдардың тиімділігін жетілдіруге бағытталған шаралар жалғасуда. 


jWfa5PuAFWJ7cPesiSd1vTgbPdWDnFPkkL5obPfSekywkTRxzz8g.jpg


Ассамблеяның қызметі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын және жаңа әлеуметтік бастамаларды одан ары ілгерілету бойынша ғылыми-ағартушылық жобаны іске асыру жұмыстарын іске асыруға; қайырымдылық шараларын, сонымен қатар Ассамблеяның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысын ілгерілетуге; этномәдени бірлестіктердің қызметіне жан-жақты қолдау жасауға, этностардың ана тілдерін дамытудың өзекті мәселелеріне жәрдемдесуге, ұлттардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға, жастарды қазақ халқының бай тарихын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған. 


jWfa5PuAHhP9qRMz8aAWUJ3UmecAqiV6mJ85DYQhTVa2HU45VyeT.jpg


Облыс әкімінің жанында құрылған кеңестік органның құрамына жүз бес адам кіреді. Олар – этномәдени бірлестіктер, зиялы қауым, ардагерлер кеңесі, мемлекеттік құрылымдар өкілдері. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеяның төрағасы болып саналады. - «Понтос» Грек мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Деспина Касапиди мен Қарағанды облыстық мәслихаттың депутаты, меценат Бекзат Алтынбеков Төрағаның орынбасарлары. 


Дағыстан әйелі күні.JPG

Облыста елу бес этномәдени бірлестік тіркелген болса, оның жиырма бесі облыстық, отызы қалалық және аудандық болып бөілініп, өз қызметтерін жүзеге асыруда. Қарағанды облысының аумағындағы қалалар мен аудандарда ҚХА облыстық қоғамдық бірлестіктерінің төрт филиалы мен жиырма үш бастауыш тобы жұмыс жасайды. 

Татулық барда ән мен би де бар(2017 жыл) (1).JPG


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы Даланың жеті қыры» және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру жолында дөңгелек үстелдер, конференциялар, танымдық ойындар мен байқаулар ұйымдастырылып өткізілді.

Украина елшілігінен келген қонақтар (1).JPG
Жастардың арасында рухани тұрақтылықты дамыту және патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу бағытында экспедициялар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және этнос өкілдеріне қазақ халқының дәстүрін, тарихын насихаттау мақсатында «Ұлт қазынасы», «Мың бала», «Руханият», «Толерантты тіл - рухани жаңғырудың негізі», «Халық дәстүрлерінің ұлы құндылықтары», «Мәңгілік ел» тағы басқа ауқымды шаралар өтті.
Татар бірлестігінің ЧАК-ЧАК мерекесі.JPG
Бұқар жыраудың шығармашылығына арналған «Бұхарекең жырлайды», «Даланың дара данасы» атты әртүрлі ұлт өкілдері арасында облыстық байқаулар өтті. Баба жырларын мемлекеттік тілде жатқа оқыған этностар өздерінің тілге деген ерекше құрметін жеткізді. Өткен жылы аталған байқаулардың жеңімпаздары республикада да жеңіс тұғырынан көрінді.
20181107_163917 (1).jpg
Ғылыми сараптамалық топтың өткізген жастармен өткізілген кездесу, форумдар, диалогтік алаңдар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар жұмыстарының қорытындысы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен кітапшалар шығарылды. Этномәдени бірлестіктердің арнайы Күндері өткізіліп, ұлттық мерекелер кең көлемде аталып өтіп тұрады.
IMG_9985 (2).JPG
Облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубы белсенді жұмыс атқаруда. Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, қайырымдылық пен меценаттар клубы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы, Қарағанды облысының ҚХА Жастардың үйлестіру кеңесі құрылған. Олар мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда жұмыла еңбек етуде. Басты мақсат - еліміздегі татулық пен бірлікті, келісім мен бейбітшілікті сақтап, қазақстандықтардың рухани күш қуатын арттыру.
jWfa5PuAw7ReGVqqDwpKxURCBB4bsyAQ2drhnJAhWANZc9PaE6bz.jpg
Өңірдің ҚХА қызметін ақпараттық қолдауды республикалық, облыстық баспа және электрондық БАҚ жүзеге асырады. Облыстық ҚХА мүшелері, этносаралық төзімділіктің қазақстандық моделін насихаттау, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бағдарламалық мақалаларын іске асыру жөнінде атқарылған шаралар туралы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ақпарат алаңдарында сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдіреді. Іс-шарлар сондай-ақ, әлеуметтік желілерде, телевидение мен радиода сюжеттер мен бағдарламалар, assambly,kz, kelisim.kz сайттарында мақалалар, facebook мен Instagram парақшасында пост түрінде орналастырылып, жарық көреді. Сонымен қатар әр тоқсан сайын «Достық аймағы» журналы басылып жарыққа шығады. 
Шабыт көрме залы (1).jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, ол аймақтағы Ассамблеяның жұмыс органы болып белгіленген. Облыс орталығында этностардың бас қосып, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғыртып, дәріптейтін жылы ұясына айналған, Қарағанды қаласының еңселі де көрікті ғимараттарының бірі - Достық үйі. 


Хайдак ансамблі.JPG


Оның жұмысының түпкілікті мақсаты - этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімді қалыптастыру жолындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу ісінде этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіріп, жалпы міндеттерді шешуге бағытталған. 

IMG_1525.jpg


Достық үйі қоғамдық-саяси, мәдени-ағартушылық маңызы зор іс-шараларды, сессияларды, салтанатты қабылдауларды, кездесулерді, Қарағанды облысы ҚХА мәжілістерін, этномәдени бірлестіктерді аймақ жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен ұйымдастыру және өткізу үшін салынып, 2015 жылы пайдалануға берілді. 
jWfa5PuAAqZUhwJRBathpjAPMkfYqmsajFSEFRK4DoamP6fwACYM.jpg
Мұнда дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізуге арналған отырыс залдары, концерт залы, «Атриум» залы, Қазақстан халқы Ассамблеясының кітапханасы, қазыналы қарттарға арналған «Белсенді өмір орталығы», «Шабыт» көрме залы, «Мәміле» сұхбат клубы, халық шығармашылығы кабинеті, «Күй-керуен» орталығы, Арқа - айтыс мектебі, этно-мәдени орталықтарға арналған кеңселік үй-жайлар, мемлекеттік тілді, ағылшын тілін, сондай-ақ басқа да тілдерді оқытуға арналған лингафондық кабинеттер, би залы бар. 

IMG_6386.JPG



Достық үйінде Ассамблея тарихынан сыр шертетін, этностардың ұлттық дәстүрі, тарихы, мәдениетін таныстыратын ерекше мұражай бар. Мұндағы қойылған экспонаттар жайында QR-код арқылы толық ақпарат алуға болады. «Шабыт» шығармашылықты дамыту орталығында аптаның әр күні киіз басу мен көркемсурет өнерінен шеберлік сабақтар өтеді. 
IMG-20190207-WA0020 (1) (1).jpg

Орталықтың да басты бағыты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, этностардың қазақи нақыштарға деген қызығушылығын арттыру. Облыстың этномәдени бірлестіктері жергілікті атқарушы органдардың тұрақты назарында. 


Шетелдік ұстаздар Мәміле сұхбат клубында (1).jpg


Облыстың этникалық топтардың өкілдерін ұлттық мәдениетіне тарту мақсатында толық жағдай жасалған. Облыстық және республикалық деңгейдегі маңызды іс-шараларға белсенді қатысатын елуден астам этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары белсенді жұмыс атқарады. 


49898953_2294496397537840_897973190809092096_o.jpg


Қасиетті Ұлы Даламыз ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдырса, Қарағандының Достық үйі ұлыс пен ұлттың жылы ұясына айналды.



Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға