Тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан!

20.12.2018 03:45

Атыраудағы Достық үйінде «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігі күніне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік концерті өтті.

Мерекелік іс-шарада Атырау қаласының жас өнерпаздары өнер көрсетті. «Шексіз таланттылар» мектеп-театрының шәкірттері, «Балет Атырау» балет студиясының және «Тансари» мюзик-шоу театрының бишілері мың бұралып билесе, «Татулық» хор ұжымы баянның сүйемелдеуімен қазақ, татар тілдерінде ән шырқады.