Жаңалықтар

Тәуелсіз елім - Қазақстан

Тәуелсіз елім - Қазақстан
10.12.2015 06:07 63694

Тәуелсіз елім - Қазақстан


Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл – күй. Орталықтан шыққан әсем күй әуені балабақшаның барлық топтарына тарап тербеп тұр. Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген.
Ортаңғы және Ересектер тобы бүлдіршіндері әдемі киініп, музыка ырғағымен ішке еніп, орындарына жайғасады.
Бүлдіршіндер жайғасқан соң, Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады. Мерекеге жиналғандар сап түзеп, оң қолдарын жүрек тұстарына апарып, әнұранды бірге шырқайды.
Жүргізуші:
- Армысыздар құрметті тәрбиеші апайлар мен қонақтар және сүйкімді бүлдіршіндер!
«Тәуелсіз – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымызғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
- Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз!»
Фатима: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Айерке:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!
Асқар Аружан:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Абсалим Аружан:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Болат:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Б. Дамир:
Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бәрі.
Айбек:
Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.
Жан:
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
Светлана:
Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің.
Ж. Дамир:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.
Ерлан сабина:
Тәуелсіздік таңын сүйем.
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Рахман:
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.
Аңсаған Сабина:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Нұрислам:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Қ. Мансур:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Жүргізуші:
- Балалар, рәміздер туралы білеміз бе?
Балалардың жауабы
Жүргізуші:
- Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.
- Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт санасын болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ал біздің ортамызда рәміздер туралы білгенін айтып беретін балалар бар ма?
- Мемлекеттік рәміздер:
Ән ұран, ту, елтаңба.
Әнұран салтанатты кештерде, жиындарда, спортшылар жеңіс тұғырына көтерілгенде орындалады. Әнұранды барлық бала білеміз. Әнұран шырұағанда тыныш тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына апарып жүрекпен тыңдаймыз. Әнұран сөзінің авторылары: Жұмекен Нәжімиденов,
Нұрсұлтан Назарбаев.
Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы. Тудың авторы белгілі суретші Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Біздің туымыз көгілдір түсті, тік төртбұрышты. Көгілдір түс тыныштықты білдіреді. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар ол байлықтың белгісі.
Күннің астында Қыран құсбар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді.
Тудағы ою – өрнек қазақтың ұлттық ою – өрнегі.
Біз туымызды құрмет тұтамыз.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары Танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов. Қ. Р. Елтаңбаларында шаңырақ бейнесі бар. Одан жан – жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық көптеген халықтар бірлігін көрсетеді. Елтаңбаның екі жағында ертедегі қанатты тұлпар, жоғары жағындағы бес бұрыш жұлдызша бақытты өмірге жол сілтейді. Төменгі жағындағы «Қазақстан»жазуы республикамыздың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы.
Жүргізуші:
- Жарайсыңдар балалар: Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз боп саналады.
Нұрислам:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Шыңғыс:
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Эльза:
Көк майсалы жерім менің,
Егеменді елім менің.
Бас имеймін ешкімге,
Тәуелсізбін мен бүгін.
Аяулым:
Егемен болмай ел болмас,
Етек - жеңі кем болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Мирас:
Өзімдікі елім де,
Өзімдікі жерім де.
Би - билейтін күн бүгін,
Тәуелсіздік төрінде.
Ернұр:
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
Ақмырза:
Жасасын жаса, азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
Алимансур:
Қазақстан елім менің,
Саған ешбір жер жетпейді.
Біз тұрғанда шекарадан,
Ешқандай жау өтпейді.
Дария:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Жанерке:
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалап
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсірер аялап
Ақерке:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан – Ана
Отан – үлкен
Қазақстан туған ел!
Малика:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Гүлназ:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Жүргізуші: - Балалар сендер туған Отандарыңа деген ыстық ықыластарыңды өлең жолдарымен білдіріп жатырсыңдар. Енді теледидардан (слайд шоу) «Менің Қазақстаным» атты фильм тамашалап көрейік.
Хор:
Шаттық:
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.
Ермұрат:
Желтоқсанда соққан жел,
Қайратты еске сала ма?
Қайраты жоқ халықтың
Болашағы бола ма?!
Қазағыма Қайрат боп,
Туса екен ұлдарым,
Қалың елге байрақ боп!
Айкен:
Қазағым мөлдір судай тазалансын,
Есіне Қайрат деген қазаны алсын.
Ел болып, халық болып қолға алайық,
Сол кезде кінәлілер жазалансын!
Дария:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!
Ақнәр:
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.
Н. Айзере:
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Айзада:
Қуаныштан қалай кеде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Алмас:
Әлі де бостандық деп атар таңдар,
Ұшқыннан бар әлемге апарғандар.
Қайрат, Ләззат, Ербол, мен Сәбиралар.
Осылар – Желтоқсанда Қаһармандар
Халықтың қабырғасы сөгілмесін,
Аналар ұлын жоқтап егілмесін.
Алладан ақ ниетпен тілейік біз,
Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.
Қ. Айзере:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Наргиз:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Нұрғиса:
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.

Нұржан:
Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік – ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.
Айкөркем:
Ән ұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика ән ұраны!
Кәусар:
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
Нұрасыл:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.
Нұртілек:
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.
Наргиз: Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Айқын:
Менде адаммын, жаралған ет сүйектен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Жанын да ары үшін құрбан еткен.
Назкен:
Желтоқсанның ызғары - ай
Кірпікке қатқан мұздар - ай
«Елім - ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар - ай
Нұрасыл:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын.
Теңескен төбем көкпенен.
Динара:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Әрқашан, әрқашан,
Көк байрағым желбіресін.
Расул:
Тақпақ айтып, ән айтып,
Жырлайықшы бүгін біз.
Тәуелсіздік төрінде,
Билейікші бүгін біз.
Нұрсая:
Тәуелсіздік таңын сүйем.
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Айдын:
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны
Би: «Вальс»
Ересектер тобының балалары биылғы жылдан бастап сауаттарын ашып, әріптер үйреніп жатыр. Осы үйренген әріптерінен Қазақстанға арнаған тілектерін құрап айтқысы келеді.
Ендеше балаларды ортаға шақырайық.
Қ – Қазағымыз аман болсын!
А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З - Заманымыз тыныш болсын!
А - Аман болайық!
Қ - Қыран құстай биік болайық
С - Сарарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т - Табиғатты аялайық
А - Елбасымыз аман болсын!
Н - Нанымыз көп болсын!
Хор: «Біз бақытты баламыз!»


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға