Жаңалықтар

Түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылды

Түсіндіру жұмыстары жүзеге  асырылды
06.04.2018 03:35 2144

6 сәуірде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық тобы Тұрар Рысқұлов ауданының «Сұлу төр» кинотеатрында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі жағдайы: аймақтың даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық семинар өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, белгіленген міндеттер мен қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру мақсатында өткен аймақтық семинарға этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

Аталған семинарды ұйымдастырушылардың басты міндеттері – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа бағыттарын, қоғамдық сананы жаңғырту, бірлік пен бірегейлікті нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін, Қазақстанның қазіргі дамуы кезеңінде әлеуметтік-мәдени құндылықтардың трансформациялануын түсіндіру, ұлттық код және қоғамдық сана ұғымдарын талдау және талқылау, қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі жөнінде тәжірибе және пікір алмасу, Қазақстан аймақтарындағы этноконфессионалды жағдайды талқылау және түсіндіру болып табылады.

Аймақтық семинар барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Мамедова Парида «Жамбыл облысындағы этноконфессионалды жағдайды талдау және шолу: этномәдени, діни бірлестіктердің мемлекеттік құрылымдарымен өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша ұсынымдар» туралы сөйлесе, Тараз мемлектік педагогикалық университеті «Философия және толеранттылық» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымының магистрі Идрисова Гүлжан «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті арттырудағы мемлекеттік саясатты іске асыру, патриотизмді қалыптастыруда білім беру басқармалары мен этномәдени бірлестіктердің жұмысын жетілдіру»,  «АРСМИ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Мамашева Жанна «Үкіметтік емес ұйымдар мен Қоғамдық келісім Кеңестері тұрғындарының әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі және азаматтық белсенділігін нығайтудағы рөлі», Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жетекші-сарапшылары – педагогика ғылымдарының магистрі Қаншымбеков Ербол және әлеуметтік ғылымдарының магистрі Кулиева Зарина «Патриотизм және мен оны қалай түсінемін» тақырыптары бойынша тренинг пен коучинг жұмыстарын жүзеге асырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға