Жаңалықтар

Түсіңізде құстар мен аңдарды көрсеңіз...

Егер түсіңізде құстар мен аңдарды көрсеңіз неге жоруға болады?!
07.04.2014 09:43 193724

Егер түсіңізде құстар мен аңдарды көрсеңіз неге жоруға болады?!

Түсіңізде құстар мен аңдарды көрсеңіз...

Құстар

Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Аңдар

Түсіңізде құстар мен аңдарды көрсеңіз...

Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

 Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

 Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Төрт түлік пен тағамдар түсіңізге енсе...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға