Жаңалықтар

Түркиямен ғарыш саласында әріптестік орнатып жатырмыз

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты
Түркиямен ғарыш саласында әріптестік орнатып жатырмыз
Фото: baq.kz 13.10.2022 17:31 970

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақ-түрік мемлекеттері арасындағы технологиялық келісімдер туралы айтты, деп хабарлайды El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Біздің Astana Hub стартаптар экожүйесі бар. Биыл біз Түркияның стартап экожүйелерімен таныстық. Қазіргі таңда екі елдің IT мамандары бір-бірімен тәжірибе алмасып, жұмыс істеуде. Олар Astana Hub секілді жүйелері арқылы бізбен идея алмасып қана қоймай, венчурлық инвестиция тартып жатыр. Жуырда өткен Digital Bridge 2022 форумына Түркияның Түркияның Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк келген болатын. Түркия министрімен бірігіп, осы мәселелер жөнінде талқыладық. Жәнеде, ғарыш саласындағы спутниктер жасау бойынша әріптестік орнатуды да қарастырып жатырмыз.

Алдағы уақытта  екі ел бірлесе, спутник аппаратын жасап шығару ой да бар ма? - деді журналист.

Қазіргі уақытта бұл жобаны талқылап жатырмыз. Егер келісімге келсек, 2023 жылы бастаймыз деп ойлаймын, - деді Цифрлық даму министрі.

Сондай-ақ еліміздегі әлеуметтік желілердің не себепті кибершабуылға ұшырап жатқанына қатысты түсініктеме берді.

Маған ресми ақпарат келіп түскен жоқ. Мемлекеттік техникалық қызмет -  киберқауіпсізікке жауапты ұйым. Олар бұл мәселе бойынша түсініктеме беруі керек, - деп қысқа қайырды Мусин. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға