Жаңалықтар

Түркияға ағзасын ауыстыру үшін барған қазақстандық қамауға алынды

СІМ ресми өкілі Қазақстан консулдығы аталған оқиғаны ерекше бақылауда ұстайтынын айтты
Түркияға ағзасын ауыстыру үшін барған қазақстандық қамауға алынды
Фото: sn.kz 10.10.2022 18:12 1058

Ағза алмастыруға мұқтаж қазақстандық әйел Түркияда жалған құжат жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz

«Біздің дипломаттардан түскен ақпарат бойынша түрік құқық қорғау органдары Қазақстан азаматын ұстаған. Ол Түркияға ағза трансплантациялау үшін келген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жалған құжат жасады деп айыпталып отыр. Оқиғаның мән-жайын тергеу анықтайды. Яғни, ол донорды туысы ретінде көрсеткен, бірақ донордың мүлдем басқа елдің азаматы болуы құзырлы органдардың күмәнін тудырған. Сондықтан қазақстандық әйел қазір қамауда отыр», - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.

ҚР СІМ ресми өкілі Қазақстан консулдығы аталған оқиғаны ерекше бақылауда ұстайтынын айтты.

«Біз қазірдің өзінде адвокат таптық, оның туыстарымен үнемі байланыстамыз. Қазір оны денсаулық жағдайына байланысты ешқайда шықпайтыны туралы қолхатпен ауыстыруды сұрап жатырмыз», - деді Айбек Смадияров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға