Жаңалықтар

Түркістандық әйел қызын оқуға түсіру үшін берген ақшасынан айырылды

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді
Түркістандық әйел қызын оқуға түсіру үшін берген ақшасынан айырылды
Фото: polisia.kz 18.08.2022 14:38 1446

Түркістан облысында қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шардара АПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни, танысы 2020 жылдың желтоқсан айында қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, 1 млн теңгесін алған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Шардаралық тәртіп сақшылар тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз, Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, сезікті әйел Шардараға қыдырып келген. Ал алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысын анықтап жатыр.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға