Жаңалықтар

Түркістандық сақшылар үйіне заңсыз қару сақтаған күдіктіні анықтады

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданының тұрғынын күдікті ретінде ұстады
Түркістандық сақшылар үйіне заңсыз қару сақтаған күдіктіні анықтады
Фото: Polisia.kz 09.09.2022 09:37 1153

Түркістан полицейлері үйіне заңсыз қару сақтаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бәйдібек АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірінен қару-жарақ заттарын заңсыз сақтағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданының тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктінің үйінен заң талаптарына сай келмейтін CZ SCORPION EVO 3 A1 әскери ойық ұңғылы, отты атыс қаруын тәркіледі. 

Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Бәйдібек АПБ-ға жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

 Белгілі болғандай, күдіктінің пистолет-пулеметті қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тауып алғаны расталды. Сондай-ақ ол қаруды осы уақытқа дейін үйінің шатырында сақтап жүрген. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға