Жаңалықтар

Түркістан облысында күн райы 47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының метерология және болжау бөлімінің басшысы мәлімдеді
Түркістан облысында күн райы 47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін
Фото: inform.kz 18.07.2022 15:51 1879

Түркістан облысында 20-22 шілде аралығында күн райы 47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, бүгінде Түркістан облысының басым бөлігінде ауа райы 40-43 градусты көрсетіп тұр. Ал, облыс орталығы Түркістан қаласында - 42 градус. Сондай-ақ, ауа райын болжаушы мамандар шілденің 20-22 күндері аралығында аптап ыстық болатынын айтуда.

– Ираннан келіп жатқан аптап ыстық. 20-22 шілде аралығында облыстың басым бөлігінде 40-43 градус болуы мүмкін. Отырар, Арыс, Түркістан қаласында 45-ке дейін көтеріледі деп күтілуде. Тіпті, кей жерлерде 47-ге дейін жоғарылауы ықтимал. Шымкент қаласында да 40-43 градусқа дейін ыстық болады. Бұл ыстық жұма күні кешке дейін сақталады. Әзірге жауын-шашын жоқ, – дейді «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының метерология және болжау бөлімінің басшысы Асия Қыдырбаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға