Жаңалықтар

Түркістан облысында есірткі жарнамалаған 214 сайт анықталды

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Түркістан облысында есірткі жарнамалаған 214 сайт анықталды
Фото: egemen.kz 14.10.2022 14:09 813

Түркістан облысында есірткі жарнамалаған 214 сайт анықталды, деп хабарлайды El.kz.

Жалпы, Түркістан өңірі бойынша 9 ай ішінде 165 есірткі қылмысы тіркелген. Сондай-ақ, 208 есірткі теріс қылықтары анықталып отыр. Оның ішінде 19-ы есірткі сату болса, 19-ы – аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 55-і – есірткі контрабандасы.

«Жыл басынан бері Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері заңсыз әрекетпен айналысқан 214 сайтты анықтап, бұғаттау бойынша шешім қабылдауға құзыретті мемлекеттік органға жолдады. Облыс аумағында есірткі өсімдігін еккен 69 дерек анықталды. Сондай-ақ, 200 мың түптен астам сора өсімдігі табылып, жойылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленді», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға