Жаңалықтар

Түркістан облысында Алғыс айту күніне орай жаппай спорттық шаралар өтті

Түркістан облысында Алғыс айту күніне орай жаппай спорттық шаралар өтті
04.03.2019 10:39 3605

      Түркістан облысында 1-ші наурыз Алғыс айту күніне орай барлық аудан, қалаларда жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі спорттық шаралар өткізілуде.

 

Облыстың түкпір-түкпірінде 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық біріншілік өтті. Жарысқа түрлі салмақ дәрежесі бойынша 600 спортшы қатыстып, үздіктер жүлделі орынға ие болды.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасында грек-рим күресі, жеңіл атлетика, тоғыз құмалақ, арқан тарту, көңілді старт сияқты спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Аудандарда мерекеге орай жастар арасында волейбол және баскетболдан жарыс өтіп, атаулы іс-шараға 2000-нан астам жастар мен жасөспірімдер қатысты.

 

Оқи отырыңыз

ТҮРКІСТАНДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ПАВЛОДАРДА «ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХ САБАҚТАРЫ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

КӨКШЕТАУДА ХАЛЫҚ БИЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға