Тұрғындарға жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды
Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz
26.08.2022 04:45
1000
Алматыда тұрғындарға жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
48 жастағы ер адам 9 азаматты алдап үлгерген.
А. есімді азамат Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген. Алаяқтық туралы шаһардың бірнеше тұрғыны полицияға хабарласқаннан кейін белгілі болды. Барлығының оқиғасы бірдей.
Пәтер жалдамақ болған олар танымал интернет-сервистен хабарландыру іздеген. Нарықтан төмен бағаны көріп, телефон соққан.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 530 мың теңге болды.
48 жастағы ер адам 9 азаматты алдап үлгерген.
А. есімді азамат Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген. Алаяқтық туралы шаһардың бірнеше тұрғыны полицияға хабарласқаннан кейін белгілі болды. Барлығының оқиғасы бірдей.
Пәтер жалдамақ болған олар танымал интернет-сервистен хабарландыру іздеген. Нарықтан төмен бағаны көріп, телефон соққан.
“Үй иесінің” бірден-бір шарты алдын ала төлем жасау немесе толық соманы төлеу болған. Клиент көптігін және пәтер бірінші болып ақша төлеген адамға берілетінін айтқан. Ақшаны алғаннан кейін бірден байланысқа шығуын тоқтатып, телефон нөмірін ауыстырған", – дейді Алматы қалалық полиция депратаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында оның осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды.Келтірілген шығынның жалпы сомасы 530 мың теңге болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлихан Смайылов Ресей Үкіметінің төрағасымен кездесу өткізді
Келесі жаңалық
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасы өртенді