Жаңалықтар

Тұрғын үй мәселелері жөнінде бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды

Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін консультациялық қызметтер көрсетеді
Тұрғын үй мәселелері жөнінде бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды
Фото: tolqyn.kz 16.09.2022 20:47 1409

ИИДМ тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды, деп хабарлайды El.kz

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бастамасы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды.

Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін  консультациялық қызметтер көрсетеді.

- Құрылыс мәселелері бойынша байланыс телефондары – 8 (7172) 98-33-50,

- Тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-30-59,

- Кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестік, пәтерлер иелерінің кооперативтері) көшу мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-34-86

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға