Тұншығып өлген 46 мигранттың денесі табылды
29.06.2022 04:25
Техаста жол бойында иесіз қалған фургонның ішінен мексикалық мигранттар табылды. Оның 46-сы мерт болған, тағы 16 адам, оның ішінде төрт бала аман, қазір олар ауруханада жатыр, деп хабарлайды El.kz порталы CNN арнасына сілтеме жасап.
Адамдар кондиционері мен суы жоқ 18 доңғалақты жүк көлігінде қамаулы болған. Әйелдер, ер адамдар, жасөспірімдер ыстық өтіп қайтыс болған.
Телеарнаның хабарлауынша, 27 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында жол шетінде тұрған тіркемеден көмек сұраған адамдардың дауысын естіген жұмысшы жедел қызметтерге хабарласқан.
Полиция бұл істі тергеуді федералды билікке өткізгенін хабарлады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

