Жаңалықтар

Түнгі Астанаға қанша электр энергиясы жұмсалады?

Күнделікті Астананың түнгі жарықтандырылуына 67 мың кВт/с электр қуаты жұмсалады
29.07.2015 05:01 10303

Көркіне көз тоймайтын ажарлы Астананың күндізгі де түнгі де келбеті тамсандырмай қоймасы анық. Мамандардың пікірінше, шаһарлардың түнгі жарықтандырылуы функционалды әрі эстетикалық түрде болуы қажет. Астана көшелерінің түнгі көрінісі де әдемі әрі үйлесімді жарықтандырудың арқасында көз тартады.

Түнгі Астанаға қанша электр энергиясы жұмсалады?

Түнгі жарықтандыру жұмыстарын 2003 жылы құрылған «Астана қалалық жарық» компаниясы жүзеге асырады.  Аталмыш мекеме көше жарықтандыруына арналған жүйелерді техникалық қамтамасыз етеді.

Түнгі Астанаға қанша электр энергиясы жұмсалады?    

Бүгінгі таңда Астана қаласында 50 мың жарық нүктесі орналастырылған. Олардың 30 мыңы жол бойында орналасып, ұзындығы 10 метрді құраса, қалған 20 мыңы саябақтар мен гүлзарларды жарықтандырады. Күнделікті Астананың түнгі жарықтандырылуына 67 мың кВт/с электр қуаты жұмсалатын көрінеді.

Әділжан Торсықбаев, «Астана қалалық жарық» ЖШС бас инженері:

– Жаңа технологияларды енгізуімізге байланысты электр қуатын үнемдеуге қол жеткізіп отырмыз. Біз қазір жарық диоттарын пайдалануға көштік – бұл электр энергиясын үнемдейтін шамдар. Көшелерді жарықтандыруда пайдаланып отырған аталмыш шамдар қазіргі уақытта  40 пайызды құрайды.

Түнгі Астанаға қанша электр энергиясы жұмсалады?    

Мекеменің мәліметінше, елордада көшелердің түнгі жарықтандырылуына бір айда 2 миллион кВт/с электр қуаты жұмсалады. Алайда бұл көрсеткіш жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады, себебі жаз уақытынды күннің бату уақыты ұзарады.

«Астана қалалық жарық» ЖШС «Астана Innovations» АҚ бірлесе көше жарықтандырылуы бойынша жүзеге асырып жатқан пилотты жоба да бар. Бұл жоба ең алдымен электр қуатын бақылауды мақсат етеді. Қазіргі уақытта пилотты жоба Еңбекшілер көшесінде жүзеге асырылуда. Көше бойындағы жарық шамдарын диспетчерлік орталық түгелдей бақылауында ұстайды. Бұл жүйені қала бойынша пайдалану көзделіп отыр.

Астана күні мерекесі қарсаңында шаһарды безендіру үшін жарық-диодты инсталляциялар қолданылғанын жазған болатынбыз. Мерекеге орай қала  бойынша «Жан жүрегім Астана» конструкциясы үш тілде 20 жерде орнатылды. Астанаға ерекше көрік бітіріп тұрған аталмыш конструкциялар шаһар меймандарын  таңқалдырмай қоймады.

 Түнгі Астанаға қанша электр энергиясы жұмсалады?

Жұмыста пайдаланылған барлық материалдар ең соңғы үлгідегі энергия үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы жасалған. Қалалық электр желілері ресурстарын үнемдеу үшін алғаш рет күн энергиясын шоғырлайтын батареялар, сондай-ақ, RGB технологиялар қолданылған.

Нұрлы жол бульвары мен «Бәйтерек» монументі алдында 40-тан астам  орындықтары бар гүл аркалар қойылды. Жалпы, осындай 40 арка орнатылған. Безендіру барысында «ЕХРО» көрмесінің символы да пайдаланылды.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға