Жаңалықтар

Төлеген Оспанқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Ол Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалады
Төлеген Оспанқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz 02.08.2022 18:51 1471

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Төлеген Қапақұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалады, – деп хабарлайды El.kz.

Төлеген Оспанқұлов 1961 жылы 28 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын, Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында мал дәрігері, МТФ №1 бригадирі болып бастады.

1988-1994 жылдары 23 Партсъезд атындағы совхоздың бас мал дәрігері, сүт кешенінің бастығы, бригадирі болып жұмыс істеді.

1994-1997 жылдары – «КИЗ» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында бас мал дәрігері.

1998 жылғы қарашадан бастап 2001 жылғы ақпанға дейін – Алматы қ. бойынша еңбек инспекциясы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, еңбекті қорғау секторының меңгерушісі, еңбек инспекциясы бөлімінің басшысы.

2001-2008 жылдары – ЕХӘҚМ департамент директорының орынбасары – Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2009-2014 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға