Жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі ұлт ұстазына арнап кабинет ашты

Мемлекеттік тіл кабинетінің ашылуы ұлы ұстаздың мерейтойына орайластырылған
Сыртқы істер министрлігі ұлт ұстазына арнап кабинет ашты
Фото: Сыртқы істер министрлігі 10.12.2022 08:34 1935

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік тіл кабинеті ашылды, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кабинеттің ашылу салтанатын Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров өткізіп, рәсімге Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысқаны белгілі болды.

Ведомство өкілі бұл іс-шара мемлекет қайраткері, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында өткізіліп отырғанын баса айтты.

Сыртқы істер министрлігі ұлт ұстазына арнап кабинет ашты

Ахмет Байтұрсынұлы алғаш рет араб графикасы негізінде қазақ әліпбиін жасап, осының арқасында қазақ тілі іс-қағаздарын жүргізу тіліне, одан әрі ғылым тіліне айналды, – деді ол.

Айта кету керек, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ауыз әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңіріп, халық ауыз әдебиеті шығармашылығы мен ән-күй еңбектерінің үлгілерін жинақтады. Ол қазақ әдебиет тану ғылымының негізін салушы ретінде «Әдебиеттанытқыш», «Мәдениет тарихы» сияқты кітаптар жазды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға