Жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі Еуропа Парламентінің делегациясын қабылдады

Сыртқы істер министрлігі Еуропа Парламентінің делегациясын қабылдады
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 02.11.2024 12:43 636

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық Парламентінің Орталық Азия және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы Джузеппина Принчимен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Саяси байланыстардың жоғары динамикасын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің нәтижелі жұмысын атап өтіп, тараптар қазақ-еуропалық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара ұмтылыстарын білдірді.

Министрдің орынбасары өзара қызығушылық тудыратын мәселелер, оның ішінде жасыл энергетика, сирек жер минералдары және көліктік өзара байланыстылық мәселелері бойынша ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар ҚР азаматтары үшін ЕО визалық талаптарын жеңілдету мәселесіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар сұхбат барысында ҚР әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің өкілдері еуропалық депутаттарға Қазақстан Үкіметінің адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы шаралары туралы айтып берді.

Кездесу соңында Ә. Бақаев Еуропалық Парламент делегациясына нәтижелі сапар тілеп, практикалық нәтижелерге тезірек қол жеткізуге үміт білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға