Сыртқы істер министрі Түркияның Қазақстандағы елшілігіне барды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
08.02.2023 14:31
1314
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
М.Тілеуберді Министрліктің және жеке өзінің атынан түрік халқына көптеген адам шығынына байланысты қолдау білдіріп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
«Түркияда орын алған ірі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына орай орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, бауырлас түрік халқына қайғырып көңіл айтамын! Алла Тағаладан қаза тапқандардың жандары жаннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін», – деп жазды сыртқы саяси ведомствоның басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияға аттанды
Келесі жаңалық
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды