Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының елшісімен кездесті
11.07.2023 23:11
Фото:
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал Әл-Қахтаниді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әрекеттестіктегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қызығышулық білдірді.

