Жаңалықтар

Сыртқы істер министрінің орынбасары ҚХР елшісімен кездесті

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланды
Сыртқы істер министрінің орынбасары ҚХР елшісімен кездесті
Фото: gov.kz 23.07.2022 18:28 1519

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсыновтың Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяомен кездесуі өтті, деп хабарлайды Еl.kz.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелерін, оның ішінде алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларды талқылады.

Тараптар екіжақты тетіктер шеңберінде және БҰҰ, ШЫҰ мен АӨСШК сияқты көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылдың жанданғанын қанағатпен атап өтті.

Биыл қазанда Нұр-Сұлтан қ. АӨСШК Саммитін сәтті өткізуге,  сондай-ақ келесі жылы Қазақстанда алғаш рет ұсынылған «Бір белдеу,                       бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай бірқатар бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келіссөздер соңында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтіп, екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын растады.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға