Жаңалықтар

Сырдария бассейніндегі қоршаған ортаны қорғау және су сапасы мәселелерін талқыланды

Сырдария бассейніндегі қоршаған ортаны қорғау және су сапасы мәселелерін талқыланды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі 15.12.2023 23:51 867

Астана қаласында гибридті форматта қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейнінің су сапасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының (Комиссиясының) алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Н.И. Дәулетьярова, Өзбекстан тарапынан Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің Экологиялық саясат департаментінің бастығы Ф.К. Саттаров төрағалық етті.

Отырысқа Жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ байқаушылар ретінде Тәжікстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Сырдария өзенінде су сапасына келісілген мониторинг жүргізуге, су сапасына мониторинг нәтижелері бойынша деректер алмасуға, Келес және Чирчик өзендерінің ластануының ықтимал көздеріне түгендеу жүргізуге, Сырдария өзені бассейнінің ластануының анықталған көздері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы нәтижелер ұсынуға, көрсеткіштердің келісілген саны бойынша түптік шөгінділерге біржолғы талдау жүргізу мәселелерін пысықтауға, коллекторлық-дренаждық сулардың төгінділерінің су объектілерінің жай-күйіне әсерін және олардың әсерін азайту жөніндегі шараларды зерделеуге қатысты және т.б. Жұмыс тобының жұмыс жоспарының орындалуы туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 13 желтоқсанда өткен Су сапасы жөніндегі өңірлік жұмыс тобы отырысының қорытындылары туралы мәселе қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Жұмыс тобының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға