Жаңалықтар

Сынға ұшыраған Павлодар қаласының әкімі қызметінен кетті

Сынға ұшыраған Павлодар қаласының әкімі қызметінен кетті
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 26.08.2023 10:48 807

Бірнеше рет сынның астында қалған Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен кетіп тынды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту бойынша жұмыстардың тиісінше ұйымдастырылмауына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, қала әкімдігінің Павлодар қаласының тұрғындарымен коммуникациясының әлсіреуіне байланысты Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы қабылданған шешімді мәлімдеді, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.

Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды. Ал қырық жасқа толмаған  Е. Иманзаипов қала әкімі қызметіне 2022 жылдың соңында тағайындалған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға