Жаңалықтар

«Сынақтан сүрінбей өткен». Балалардың құқығын қорғау өкілі оқушыларға қырындаған мұғалім жайлы айтты

«Сынақтан сүрінбей өткен». Балалардың құқығын қорғау өкілі оқушыларға қырындаған мұғалім жайлы айтты
Фото: gov.kz 14.10.2024 14:15 472

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нысымжан Оспанова Астанада 7 сынып оқушысына қырындаған 43 жастағы мұғалім жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс қазір белсенді түрде қаралып жатыр. Барлығы назарда, - деді Оспанова.

БАҚ өкілі «Мұғалім жұмысқа тұрар алдында сынақ мерзімінен өтті ме? Егер өтсе, ол кезде өзін қалай ұстады?», деп сұрады.

Ол заңнама жүзінде конкурс бойынша өтті. Ешқандай қайшы дүние болмады. Мұғалімнің тарапынан ерсі әрекеттер байқалмады. Еңбек кодексіне сәйкес, 3 ай сынақ мерзімінен өтіп жатты, бірақ осындай жан-түршігерлік ақпараттар пайда болды. Сәйкесінше, қазір қылмыстық іс қозғалды, - деп түсіндірді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.

Нысымжан Оспанованың сөзінше, балалар мұғалімнің әркеті жайлы ата-анасына шағымданған. Кейін ата-аналар бұл туралы мектепке хабарлады. Айта кетейік, елордадағы 32-ші гимназиядағы 43 жастағы тарих пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушыларына қырындады деп айыпталды. Ол мектепте 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап жұмыс істеген. Тарих пәнінің мұғалімі сынақ мерзімінде болған. Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша педагог 30 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 14-тармағы 52-ші бабы аясында жұмыстан босатылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға