Ақорда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

12.10.2023 16:49

Мемлекет басшысының өкімдерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.