Сүйіктісі тележүргізушіге үйлену туралы ұсынысты ерекше етіп жасады
15.08.2023 09:23
Фото:
Видеодан кадр
Қырғызстанда тележүргізушіге ерекше ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айдай Ташыбекова Чу облысындағы «СТВ» телерадио ұйымында жұмыс істейді. Сүйіктісі оған үйлену туралы ұсынысты ерекше жасады. Бойжеткеннің мұндайды күтпегені анық. Видеоны оның әріптесі Азамат Тынаев жариялады.
Тележүргізуші бағдарламаның кезекті шығарылымын жазып жатқан. Ол суфлердегі мәтінді оқып жатқан сәтте, кенеттен мәтіннің сөздері өзгеріп кеткен. Ол таңғалғанымен, арнаның қызметкерлері оқуды жалғастыруды сұраған.
Ал мәтіннің соңында сүйіктісінің тұрмысқа шығу туралы ұсынысы жазылған.
Бұл кезде студияның сыртында жігіт жүзігін алып күтіп тұр еді.
Қуанышты жүзіне қарағанда, бойжеткен келісімін берген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

