Жаңалықтар

Сүт бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады

Сүт бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады
Фото: milknews 23.02.2023 11:50 1713

Биыл қаңтар айында өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісі 48,4 мың тоннаны құрады. Бұл ретте 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда өндіріс 2,7% төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Energyptom.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы, 2022 жылдың 12 айында секторда өндірілген өнім көлемі 573,3 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,2% аз.

Өңірлер бойынша,2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісінің ең көп Солтүстік Қазақстан (185,8 мың тонна), Алматы (99,2 мың тонна), Ақмола (82 мың тонна) және Қостанай (69,5 мың тонна) облыстарында өндірілді. 

Қаңтар айының қорытындысы бойынша, ҚР-да ішетін сүт орташа есеппен бір айда 1,4% қымбаттады. 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда бағаның айлық өсім қарқыны екі есеге (0,7% болған еді) жетті. Сонымен қатар, бұл 2022 жылдың наурыз айынан бері сектордағы бағаның ең аз айлық өсімі.

Жылдық динамикада, яғни 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ішетін сүт 32,9% бір-ақ қымбаттады, бұл Ұлттық статистика бюросының 2011 жылғы мәліметтерін жариялай бастағаннан бергі бір жылдақ рекорд. Салыстыру үшін: былтырғы сәйкес кезеңде бір жылда баға айтарлықтай өссе де, қазіргіден әлдеқайда аз болды: 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,4% қымбаттаған.

Майлылығы 3,2%–4% пастерленген сүт бір жылда 31,2% қымбаттады. Кілегей 30% қымбаттаса, майлылығы 2,5 пайыз пастерленген сүт 28,8% қымбаттады.

Өңірлер бойынша 2023 жылғы қаңтарда майлылығы 2,5% пастерленген сүт бағасының жыл сайынғы өсуі Ақтөбе қаласында 14,1%-дан Ұлытау облысында 42,1%-ға дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсуі Қостанай (38,2%) және Алматы (36,2%) облыстарында да байқалды.

Майлылығы 3,2%–4% пастерленген сүт Алматыда (43,5%), Солтүстік Қазақстан (43,3%) және Жетісу (36,2%) облыстарында байқалды. Баға ең аз өскен өңір Ақтөбе облысы: 5,9%.

Қаймақ Атырау облысында (57,8%), Солтүстік Қазақстан облысында, Шымкентте және Маңғыстау облысында 1,5 есеге жуық қымбаттады. Бұл ретте, ҚР-ның бір өңірінде – Ақмола облысында кілегей 1,9% арзандағанын айта кеткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға