Жаңалықтар

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

Білгенге маржан
17.02.2016 07:04 12128

Сусабын таңдағанда оның құрамына көңіл аударған жөн. Сапалы сусабынның құрамында 30-ға тарта  қоспа бар. Сол себепті, сіздің шашыңызға қолайлы, ең бастысы пайдалы шампунь таңдау қиындау. Ингредиенттер тізімінен келесідей қоспаларды көрсеңіз, назар аударған дұрыс.

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

Sodium Laureth Sulfate

Бұл қоспа сусабынды көпірту үшін қосылады. Әу баста SLS машиналардың механизімін тазалау үшін өндірілген. Қоспаның құрамындағы химиялық компонент бас құйқасындағы тері саңылаулары арқылы қанға жетіп, бауыр мен жүрек көзінің талшықтарына сіңеді. Бұл токсиндік мутаген метаболизм процессін бұзады. Сульфанат натрия шашты майланудан құтқарса да, бас терісін құрғатады.

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

BHT (Butylated Hydroxytoluene)

Бұл қоспаны кейбір елдерде косметиканың компоненті ретінде пайдалануға тиым салған. Құрамындағы оксиленді май ауамен жанасқанда канцероген түзеді.

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

Sodium Lauruulaureth Sulfate

Бұл – натрия лаурил немесе лауретсульфат болып табылады. Құрамындағы тазартқыш қасиеті үшін қолданылады. Сауда айналымында «кокостың сығындысы» деп бүркеншік ат берілген. Өте арзан әрі зиянды өнім мұнай қалдықтарынан алынады. Аталмыш қоспа адамдарды аллергияға бейім қылып, терінің қышуына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ұсақ бөртпелер пайда болады.

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

DEA, TEA

Аталмыш қоспа кез келген қымбат немесе арзан сусабынның құрамында бар. Қоспаның құрамында аммиак бар. Аммиакты ұзақ уақыт пайдаланатын болса организмде токсиндік әсер қалыптастырып, аллергия шақырады. Сонымен қоса көзді қышытып, бас терісін құрғатады.

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

SLES (натрия лауретсульфаты)

Аталмыш компонент тізімнің ең басында орын алған SLS қоспасына қарағанда әлдеқайда жұмсақ өнім. Бұл өнім көбінесе балаларға арналған сусабындарға пайдаланылады. SLES компонентінің де адам организмі үшін айтарлықтай зияны бар. Тек әсер ету мерзімі қысқа әрі құрамында ағзаға сіңіретін зиянды бөлшектері жоқ. Оны тек жақсылап жуып тастау керек. Жалпы кез келген сусабынды бірнеше мәрте сумен шайып, жақсылап жуған абзал.

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

Қызықты ақпарат

Біздің басымыздағы әрбір тал шаш 6 жыл өмір сүреді. Орташа статистикалық мәліметтерге сай адамдарда 120 мың тал шаша болады екен.

«Шампунь» сөзі Индиядан шыққан. Бұл ағылшын тектес тілдес сөздің түбірі хинди тілінен бастау алады. Индияда «чампа» деген сөз «гүл» деген мағынаны білдіріеді. Сол гүлден бұрындары шаштың түбіріне жағу үшін май сығындысын алған.

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

Әдетте табиғи таза сусабын өте нашар көпіреді. Бұл – құрамында адам ағазасына зиянды қоспалар аз дегенді білдіреді.

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе?

Сұлулық салондарында пайдаланылатын сусабындар қалыпты сусабындардан несімен ерекшеленеді?

Біз әдетте профессионалды косметика әлдеқайда сапалы, сол себепті бағасы қымбатырақ деп есептейміз. Алайда бұл қате түсінік. Керісінше салондарда пайдаланылатын сусабындардың құрамында жоғары концентрантты қоспалар болады. Осы ерекшелікті естен шығармаған дұрыс. Қандай сусабын таңдасаңыз да шаштың типіне қарай дұрыс таңдау жасауға тырысыңыз. Сусабындардың «Жұқа әрі қалыпты шашқа арналған» немесе «Құрғақ әрі әлсіз шаштарға арналған», «Боялған шашқа арналған» секілді түрлері болады. Алдымен өз шашыңыздың типін анықтап, сізге қажетті түрін таңдаңыз!

Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз бе? 


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ       

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға