Жаңалықтар

«Сұмырай келсе, су құриды». Депутат суға бөлініп жатқан қаражаттың қайда кетіп жатқаны түсініксіз екенін айтты

«Сұмырай келсе, су құриды». Депутат суға бөлініп жатқан қаражаттың қайда кетіп жатқаны түсініксіз екенін айтты
Фото: Facebook/Бакытжан Базарбек 20.12.2023 13:10 1266

Депутат Бақытжан Базарбек су саласындағы өзекті мәселенің белең алуы сыбайлас жемқорлық пен тәртіптік жауапкершіліктің жоқтығы екенін тілге тиек етіп, бірқатар шараны орындау керектігін айтты, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат су саласындағы тәртіп пен заңдылықтың орындалмай отырғанына шүйлікті.

Қазақта «Сұмырай келсе, су құриды» деген нақыл сөз бар. Өкінішке қарай, су саласында тәртіп пен заңдылықты қамтамысыз ету үшін 9 негізгі шараны орындауымыз тиіс. Су стратегиясын қайта қарау қажет. Су стратегиясы мен консепциясының жоқтығы осының салдары болып отыр. Сонымен қатар су қорғау аймағын толығымен белгілеу қажет. Мынау аудиторлық палатаның есебі бойынша 20 мың 589 көлдің тек 1035 көлдің су қорғау аймақтары белгіленген. Жыл сайын қаражат оған бөлініп жатыр. Бұл бөлініп жатқан ақша қайда кетіп жатқаны түсініксіз. Сол себепті мемлекеттік су кадастры мен жер кадастрын біріктіру өзекті, – деді депутат.

Мәжілісмен суға қатысты 9 ұсынысты министрлік қабыл алу қажеттігін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға