Жаңалықтар

Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді

Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді
Фото: sportsweek.org 25.03.2023 09:34 1168

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 9КО) Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Кazproboxing парақшасына сілтеме жасап.

Сұлтан Зәуірбектің қарсыласы – аргентиналық Факундо Арсе (15-9-2, 7КО) болды. Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бесінші раундта оппонентін техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында 14-інші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетсек, ол WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион.

Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Бұған дейін оған WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулы да тиесілі еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға