Жаңалықтар

Суға батқан әйелді құтқарған полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Суға батқан әйелді құтқарған полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Фото: жеке мұрағат 23.10.2024 15:06 1236

Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды. Соның ішінде әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы наградталды. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғандардың қатарында полиция капитаны Елдос Төлеубайұлы бар.

Полиция капитаны Елдос Қойкен Павлодар облысы Аққулы ауданының полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция аға учаскелік инспекторы болып қызмет етеді. Елдос Қойкен 2014 жылдың қазан айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етеді, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Суға батқан әйелді құтқарған полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

фото: Елдос Қойкеннің жеке мұрағатынан

2024 жылдың 18 сәуірінде сағат 14.52-де Аққулы ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жамбыл ауылы, Қалиев көшесі 30 мекенжайы бойынша спирттік ішімдіктерді ішу барысында жанжал болғандығы туралы хабарлама келіп түседі. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция капитаны Елдос Төлейбайұлы, әкімшілік практика инспекторы полиция лейтенанты Әділ Ізбасаров және жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ришат Адамбаев бар автопатруль жіберіледі. 

Шақыру орнына келгеннен кейін осы мекен-жайда екі кәмелетке толмаған баласы бар азамат тұратыны анықталды. Келген сәтте балалар анасының  жанжалдан кейін Ертіс өзеніне қарай кеткенін түсіндіреді. Тәртіп сақшылары өзеннен шамамен 20 метр қашықтықта, суға батып бара жатқан әйелді байқайды.

Полиция капитаны Елдос Қойкен еш ойланбастан өзенге асығып, суға батып бара жатқан әйелге қарай жүзіп, оны жағаға сүйреп шығарады. Содан кейін оған алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, аудандық аурухананың қызметкерлеріне тапсырады.

Мен оның суға батып бара жатқанын көргенде еш ойлануға уақыт болмады. Суға қарай жүгіріп барып, асығыс шешіне бастадым. Мен жақындағанда ол су астына батып бара жатты. Шынымды айтсам, тіпті қорқуға да уақыт болмады. Сол кезде менде тек тұншығып қалмаса екен деген ой болды. Батып бара жатқан әйелді дереу ұстап алып, судан алып шықтым, – дейді Елдос Қойкен.

Айта кетейік, әйел мас күйінде болған. Оқиғадан кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлерге жіберілді.

Елдос Қойкен 1993 жылы Павлодар облысы, Аққулы ауданына қарасты Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылдан 2009 жылға дейін Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінде оқып, 2009 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінде білім алады. Ол 2014 жылдың қазан айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етеді. Қазіргі таңда төрт бірдей баланы тәрбиелеп отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға