Судан астанасы Хартумға әуеден соққы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салдарынан 17 бейбіт тұрғын қаза тапқан, оның бесеуі – бала. Бұл туралы «Оңтүстік белдеуінің жедел жәрдем орталығы» ұйымының белсенділері мәлімдеді.
Оқиға сенбі күні кешке болған. 11 адам жарақат алды.
Шабуылдың артында кім тұрғаны белгісіз. Жедел әрекет ету күштері жауынгерлері Хартум аудандарына шабуыл жасаған ұшақты атып түсіргенін хабарлады.
Осы оқиғаға байланысты Судан армиясы ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Үкімет армиясы мен Жедел әрекет ету күштері сенбіде 72 сағатқа атысты тоқтату туралы келісімге қол қойған болатын.
Келісім жексенбі күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 6-да күшіне енді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

