Жаңалықтар

Субсидиялаудың жаңа ережелері: етті мал шаруашылығын қаржыландыру 32,5 млрд теңгеге қысқарады

Субсидиялаудың жаңа ережелері: етті мал шаруашылығын қаржыландыру 32,5 млрд теңгеге қысқарады
15.05.2023 17:26 1090

Фермерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, онда мал шаруашылығының өткір мәселелері көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа өзгерістер бизнестің келісімінсіз іске асырылуда. Соның салдарынан фермерлер қауымдастығы ҚР Әділет министрлігіне енгізілетін өзгерістердің ҚР заңдарына сәйкестігін жан-жақты тексеру туралы бірлескен хат жолдады.

Бұл өзгерістер етті мал шаруашылығындағы 21,6 мың шаруашылыққа әсер етеді, өйткені салада субсидия алушылардың көбісі – шағын фермерлер, – деп атап өтті Герефорд тұқымы Республикалық палатасының директоры Ерлан Өмірзақов.

Жаңадан қабылданған шаралардың салдарын қазақтың ақбас тұқымы республикалық палатасының директоры Бақтияр Өтелбаев түсіндірді.

Егер шаруа қожалықтарының аналық мал үшін асыл тұқымды бұқаларды жалға алу үшін субсидиялауды алып тастасақ, шаруашылықтардың 34 пайызы (21,6 мыңнан) бірден барлық субсидиялардан айырылады, фермер мен бордақылау алаңы арасындағы якорлық кооперация жүйесі жойылады. 15 мыңнан астам асыл тұқымды бұқалар қажетсіз болып қалады, - деді ол.

Несие беру кезінде де бұрмалаулардың бар екені байқалады: Республикалық палаталардың деректері бойынша Аграрлық несие корпорациясы 360 млрд теңге көлеміндегі тікелей қаржыландырудан тек 15% немесе 56 млрд теңгені мал шаруашылығын кредиттеуге бағыттады. Салыстырмалы түрде 140 млрд теңге көктемгі егіс жұмыстарын несиелеуге жұмсалған, оның 99%-ы бидай.

Конференцияға қатысушылар ұсынылған түзетулер мен шаруалардың талап-тілегін ескермейтін салалық министрлікпен қалыпты диалогтың жоқтығы оларды БАҚ-қа шығуға мәжбүр еткенін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінде 1,5 жыл 9 айдан бері мал шаруашылығы департаментінің директоры болмағандықтан, диалог жүргізетін ешкім жоқ. Жетекшілік ететін вице-министр жоқ, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы бір жыл бойы болған жоқ. Бұл салаға деген көзқарастың көрсеткіші», - дейді Қазақстан Ангус Республикалық палатасы Дәурен Салықов.

Сонымен қатар, фермерлер саланы дамытудың тиімді тұстарын құртудың қажеті жоқ екенін және етті мал шаруашылығының жетістіктерінің нақты дәлелдермен, цифрлармен көрсетті.

10 жылдан астам уақыт бойы біз саланы қайта құрдық, инвестицияладық, жұмыс істедік. Ел бойынша сойылған малдың орташа салмағы 154-тен 175 кг-ға дейін өсті. Егер жылына орта есеппен 2,5 млн бас мал союға жұмсалса, онда +20 кг - бұл жылына 50 мың тонна ет қосымша өндірілді дегенді білдіреді. Біз бұған генетика, тұқымдық трансформация есебінен қол жеткізіп отыр. Ал бұл Қазақстан экономикасы үшін жылына 100 млрд теңге пайда әкеліп отыр. 25 мың шаруа қожалығы – кәсіпкерлер, бизнес иелері немесе 100 мыңнан астам шаруа қожалықтары ауылдарда құрылды, - деп түсіндірді КТ «Терра»  басшысы Ердос Тапаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға