Жаңалықтар

Су ресурстарын басқаруға қандай факторлар әсер етеді?

Бірнеше жағдай су ресурстарын басқару және суға деген сұраныс мәселелеріне теріс әсер етеді
Су ресурстарын басқаруға қандай факторлар әсер етеді?
Фото: ortcom.kz 13.07.2022 14:53 3744

Су ресурстары комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов су ресурстарын басқарудағы өзекті мәселелерді атады, деп хабарлайды El.kz

«Климаттық факторлардан басқа, бірнеше жағдай су ресурстарын басқару және суға деген сұраныс мәселелеріне теріс әсер етеді: Біріншіден, елдің оңтүстік және батыс аймақтарының көршілес елдердің су саясатына үлкен тәуелділігі. Бұл өңірлерде ел халқының жартысынан көбі тұрады және олардың өмір сүру жағдайлары сумен қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Екіншіден, су экожүйелерінің қажеттіліктері «қалдықтық принцип» бойынша соңғы орында қалуда. Бұл Арал мен Балқаш проблемаларының басты себебі», - дейді спикер.

Оның айтуынша, үшіншіден, суды пайдалану тиімділігінің төмендігі, сондай-ақ су беру қызметтеріне төмен тарифтер.

«Төртінші. Су ресурстары комитеті ағымдағы штат саны жағдайында су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауға толыққанды бақылауды қамтамасыз ете алмайды. Су саласын талдау мен перспективалық дамыту тиісті назарсыз қалып отыр. Бесінші. Су ресурстарын басқару кезінде қабылданатын шешімдерді ғылыми тұрғыдан әлсіз сүйемелдеу және білікті кадрлардың жетіспеушілігі», - дейді ол.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға