Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтарға өтемақы төленеді
Фото: Жылыой ауданының әкімдігі
Фото: Жылыой ауданының әкімдігі
18.04.2024 22:19
608
Жылыойда тасқыннан зардап шеккендер үшін өтамақыға өтінім қабылданып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Су тасқынына бойынша материалдық шығынды өтеу бойынша өтінім қабылдау 18 сәуірде басталды.
Тұрғындар өтініш қалдыру үшін тұрғын үй иесінің жеке куәлігі, техникалық паспорт, жер учаскесіне акт, ХҚКО-дан 2 форма, жылжымайтын мүлік құқығын растайтын құжат, әр құжаттың 5 дана көшірмесін қоса тапсыру қажет, - деп жазылған аудан әкімдігінің хабарламасында.
Сәуір айының басында Атырау облысының Жылыой ауданында болған су тасқынынан 25 мыңнан астам тұрғын Маңғыстау облысына эвакуациаланған болатын. Олардың басым бөлігі Бейнеу ауданына уақытша орналасты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға