Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 2,5 мыңнан астам үй салынды – Бозымбаев

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 2,5 мыңнан астам үй салынды – Бозымбаев
Фото: t.me/KZgovernment 24.09.2024 11:42 393

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болмаған қысқа мерзімде жүргізілгенін хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Бозымбаевтың сөзінше, 3,5-4 айда үлгілік жобалар бойынша 2 576 үй салынды және қайталама нарықта 5767 үй мен пәтер сатып алынды.

Бұл жұмыс Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда Ақмола облысында 38 және Батыс Қазақстан облысында 28 үйдің құрылысы аяқталуда. Тапсыру мерзімі – 1 қазан.  БҚО Сырым ауданында жер асты суларының көтерілуі нәтижесінде 38 саман үй жарамсыз болып қалды. Бұл факт тамыз айының соңында анықталды. Осыған байланысты 15 қазанда тұрғындарға қосымша үй салу туралы шешім қабылданды, – деді Қанат Бозымбаев.

Су тасқыны нәтижесінде Қазақстанда азаматтардың жалғыз баспанасы болып саналатын 17,6 мыңға жуық үй мен саяжай құрылыстары су астында қалды. Тексеру нәтижесінде 9 156 үй жөндеуге жатқызылды, 8 447 үй апатты деп танылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға