Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді
Фото: ҚР Ұлттық экономика министрлігі. 10.10.2024 09:26 323

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 1 қазан жағдайында ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді.

30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданды. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасуда, олар аяқталғаннан кейін өтінімдер Өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылады.

Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті.  Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен.

Қағидаларға сәйкес, жоғалған мүліктің (ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың) құны, тауарлық-материалдық құндылықтардың құны, зақымдалған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны өтелуге жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға