Су тасқынынан зардап шеккен халыққа мемлекеттен қандай көмек бар
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмек түрлеріне қол жеткізе алатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1. Материалдық көмек:
-
100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу (әкімдікке хабарласу қажет);
-
жоғалған және/немесе бүлінген мүліктің өтемақысы (әкімдікке хабарласу қажет);
-
су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматқа кредиттер бойынша төлемдер 3 айға, яғни 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымға дейін автоматты түрде кейінге қалдырылады (әкімдікке немесе банкке тікелей хабарласу қажет. Банктер онлайн өтінім беру мүмкіндігін іске қосты );
-
зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасқынының салдарына байланысты төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды (әкімдікке немесе банкке тікелей хабарласу қажет);
-
су тасқынының салдарынан кәсіптері шығынға ұшыраған барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттер бойынша төлемдер олар берген өтініштің негізінде кейінге қалдырылады (әкімдікке немесе банкке тікелей хабарласу қажет);
-
кредиттік ұйымдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарында тиісті өтініштерді берудің нақты алгоритмдері және кредиттерді қайта құрылымдаудың тәртібі жарияланады. Қарыз алушылардың банктермен және МҚҰ-мен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін қашықтан өтініш беру сервисі іске асырылады.
2. Тұрғын үймен қамтамасыз ету:
-
су тасқынынан зардап шеккендер қираған баспананың орнына дайын үй сатып алуға немесе жаңа тұрғын үй салуға қол жеткізе алады (әкімдікке хабарласу қажет);
-
Егер мүлік қалпына келтіруге жарамды болса, онда ЖАО-ның мердігерлік ұйымдарымен немесе мүлік иесінің өз күшімен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзделген (әкімдікке хабарласу қажет).
3. Ауыл шаруашылығы:
-
Су тасқыны салдарынан мал басын жоғалтқан азаматтарға шығынды өтеу. Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайтын болады;
-
Үкімет шаруалар мен мал иелеріне кредиттер мен лизингтік міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыру арқылы қосымша жәрдем көрсететін болады. Төлемдер кешіктірілген жағдайда оларға айыппұлдар салынбайды;
-
Төлемді кейінге қалдыру шартымен мал иелерінің өтінімдеріне сәйкес «Азық-түлік корпорациясынан» жемшөпті жеткізу жөнінде. Тиісті өтінімдерді ресми түрде «Азық-түлік корпорациясына» немесе әкімдіктер арқылы жолдауға болады.
4. Шағын және орта бизнеске келтірілген зиянды өтеу:
-
Су тасқынынан зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген зиянды өтеу тәртібі әзірленді,(жақын арада қабылданады);
-
Шығындарды өтеуге жоғалған мүліктің (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар), тауарлық-материалдық құндылықтар,, зақымданған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны кіреді;
-
Төлемдер мемлекеттік бюджет және өңірлердегі бюджеттен тыс қорлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
-
Қазіргі уақытта облыстардың әкімдіктері мен «Атамекен» өңірлік палаталары зардап шеккен ШОБ субъектілерінің тізімін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, бағалаушы компаниялардың, ШОБ-қа қызмет көрсету үшін адвокаттардың тізбесін айқындайды, залалдың алдын ала сомасын жасайды;
-
Зардап шеккен нысандар негізінен дүкендер, наубайханалар, шаштараздар, тігін цехтары, кафелер, жылыжайлар, қойма ғимараттары, шаруа қожалықтары және басқа да нысандар;
-
«Атамекен» ҚР ҰКП-да 1432 «жедел желі» жұмыс істейді.
5. Әлеуметтік сала:
Денсаулық сақтау:
-
барлық жұқпалы аурулар ауруханасы мен медициналық қызметкерлер дайын тұр. Жүкті әйелдер мен диспансерлік есептегі адамдар ерекше бақылауда. Дезинфекциялық және дәрілік заттардың екі айлық қоры жасақталуда. Оларды медициналық ұйымдардың базаларында және «СК-Фармацияның» өңірлік қоймаларында шоғырландыру жоспарланған;
-
16 курортты-санаториялық ұйым анықталып, онда су тасқынынан зардап шеккендер тегін қабылданады. Тұтастай алғанда, бұл нысандар бір уақытта 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін созылады, бұл мүмкіндігінше зардап шеккендерді емдеу-оңалту шараларымен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясы республиканың 7 санаторийінде әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтарды сауықтыру үшін 164 орын бөлді;
-
1 мамырдан бастап тұрғындарды тегін кәсіби медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылады. Су тасқыны жағдайын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылатын болады.
Білім беру
-
Эвакуациялау орталықтарына орналастырылған балалар оқу процесін жалғастыру үшін қашықтан оқыту форматына көшіріледі;
-
эвакуациялау пункттеріндегі балалар мен олардың ата-аналары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра отырып, жазғы лагерьлерге, жатақханаларға, мектептер жанындағы интернаттарға орналастырылды. Балаларды сауықтыру орталықтарына 600 бала жіберілді. 5-8 сынып оқушылары «Дарын», БИЛ, НЗМ мектеп-интернаттарына, жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар) - колледждер мен ЖОО жатақханаларына орналастырылды;
-
Бұрын эвакуациялау пункттерінде болған 4,5 мыңнан астам бала тұрмыстық жағдайлары бар мекемелерге орналастырылды. Балалар мен олардың ата-аналары үшін шамамен 8 мың орын резерв дайындалды;
-
Ақтөбе және Атырау облыстарындағы барлық студенттер үшін ағымдағы бақылау (БЖБ және ТЖБ) алынып тасталды;
-
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында ағымдағы бақылауды (СОР және СОК) алып тастау туралы шешім жағдайды ескере отырып ішінара қабылданады;
-
зардап шеккен аймақтардағы балалардың сауықтыру лагерлеріне тегін саяхаты ұйымдастырылды;
-
Жалпы білім беру қорының қаражаты есебінен балаларды қажетті заттармен (киім, аяқ киім, кеңсе керек-жарақтары) қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету:
-
Су тасқынынан зардап шеккен 10 өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізілуде.
-
Азаматтардың арыз-шағымдары үшін «сенім телефондары» құрылып, қоғамдық бақылау пункттері ашылды. Кәсіпкерлік субъектілері жалпы көлемі 635 мың тонна ең маңызды азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жеткізу бойынша меморандумдарға қол қойды. Тұрақтандыру қорларынан 767 тоннаға жуық әлеуметтік азық-түлік тауарлары сатылды. Зардап шеккен 10 өңірде СТҚТ бағасының көтерілуіне байланысты 140-тан астам әкімшілік іс қозғалды, 122 ескерту жасалып, 17 айыппұл салынды.
Әлеуметтік қорғау:
-
Төтенше жағдай жарияланған қалалар мен аудандарда 5 мың отбасына мемлекеттік органдарға хабарласпай-ақ атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды;
-
Төтенше жағдай режимі кезеңінде 4 мыңға жуық адамды, оның ішінде балаларды қоса алғанда мүгедектікке қайта қарау мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Мүгедектік бойынша жәрдемақы бұрын белгіленген топтар бойынша төленеді;
-
Төтенше жағдай кезеңінде жұмыссыздардың және субсидияланатын жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбекақысын жұмыс берушілерден ақпарат талап етпей еңбек ұтқырлығы орталығы төлейді;
-
Су тасқынынан зардап шеккен жастарды шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша қарыз алушыларға шағын несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қамтамасыз етіледі, сондай-ақ басқа да мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылады. 2024 жылға арналған кестелер бойынша барлық төлемдер 2025 жылдан бастап қаржыландыру кезеңінің соңына дейін келесі төлемдерге тең үлестермен бөлінеді.
Мобилді байланыс және интернет:
-
Ұялы байланыс операторлары су тасқыны аймағында орналасқан абоненттерге тарифтік жоспарларға (40-50 мин, 40-50 SMS және 7 күнге 8-10 ГБ) қосымша ресурстар қосты;
-
Сондай-ақ оқу үдерісін үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына Starlink терминалдарының жинақтары жіберілді.