Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен 5 мың отбасына АЕК тағайындалды

Су тасқынынан зардап шеккен 5 мың отбасына АЕК тағайындалды
Фото: Видеодан кадр 30.04.2024 18:17 598

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев «Біз біргеміз!» телемарафонында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атаулы әлеуметтік көмек су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға автоматты түрде тағайындалған.

Су басқан өңірлерде 15 мыңнан астам тұрғынға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оның ішінде төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Олар мемлекеттік органдарға жүгінген жоқ, көмек автоматты түрде тағайындалды, - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

Оған қоса мүгедек жанның қайта куәландыру мерзімі кейінге шегерілді.

Сонымен қатар 2 мыңнан астам мүгедек жанның қайта куәландыру мерзімі кейінге шегерілді, жалпы бұл шара шамамен 4 мың мүгедек жанды қамтиды, оның ішінде балалар да бар, - деді Мадияр Уақпаев «Хабар» телеарнасының эфирінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға