Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен 250 бала сауықтыру лагерлеріне аттанды

Су тасқынынан зардап шеккен 250 бала сауықтыру лагерлеріне аттанды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 14.04.2024 19:41 783

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 250 бала сауықтыру лагерлеріне демалуға жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен балалардың алғашқы легі республикалық сауықтыру лагерьлеріне демалуға жіберілді. Осы көктемгі су тасқыны бүкіл ел үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен, қазақстандықтар әдеттегідей қиын кезеңдерде бірлігін, ынтымақтастығын көрсетіп, бір-бірлеріне қол ұшын созуда. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмектер жеткізілуде. Сондай-ақ, Алматы, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінде орналасқан сауықтыру орталықтары Ақтөбе облысынан 250 баланы қабылдауға ниет білдірді. 

Қазіргі уақытта 200 kбала аталған аймақтардағы ең жақсы деген лагерьлерде демалып жатыр. Олардың ішінде су тасқынынан ең көп зардап шеккен Ақтөбе облысы Ойыл, Қобда, Әйтеке би, Темір аудандарының және Ақтөбе қаласының оқушылары бар.

 Ойыл ауданынан тағы 30 бала бүгін Алматы облысындағы «Балдәурен-Қонаев» республикалық оқу-сауықтыру орталығына орналастырылады. Ал ертең 20 жас ақтөбелік Қарағанды облысының «Балдәурен-Балқаш» оқу-сауықтыру орталығына келеді.

Сауықтыру орталықтарында балаларға барлық жағдай жасалған, оқиды, толыққанды демалып, спортпен шұғылданады және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға