Су тасқынынан кейін жиырма мыңнан астам тұрғын үйіне оралды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
20.04.2024 16:18
648
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша 20 сәуірдегі ақпарат мәлім бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта эвакуациялау пункттерінде 8786 адам, оның ішінде 3814 бала бар. 21494 адам үйлеріне оралған.
10,9 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,7 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4 534 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан су бұрылды. Жедел желі телефонына 2 036 қоңырау түсті, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су басқан өңірлерде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу жалғасады
Келесі жаңалық
Астана мешіттерінде сурдоаударма қызметі іске қосылды